Іс-шаралар » Страница 4 » №31 орта мектеп
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№31 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Рәміздерім —мақтанышым" атты дөңгелек үстел
18
октябрь
2023
"Рәміздерім —мақтанышым" атты дөңгелек үстел
31 орта мектебінде "Рәміздерім —мақтанышым" атты дөңгелек үстел өткізілді. Тарих пәні мұғалімдері Жаспанова Г, Иембергенов Е. 9-сынып оқушыларымен өткізген дөңгелек үстел барысында оқушылар Мемлекеттік рәміздер туралы білгендерін ортаға салды. Ақпараттық жұмыстар, оқушылардың жеке жұмыстары жасалды. Оқушылардан елжандылық, патриоттық қасиеттер байқалды. Өз елінің Мемлекеттік рәміздерін мақтан ететін ұрпақтарымыз көп болғай.
“Адал ұрпақ” клубы жұмыс істеуде
16
октябрь
2023
“Адал ұрпақ” клубы жұмыс істеуде
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында мектебімізде тұрақты түрде “Адал ұрпақ” клубы жұмыс істейді. Клуб қызметінің негізгі идеясы оқушылармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. Оқушылардың
“Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығы”
13
октябрь
2023
“Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығы”
Мектебімізде “Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығы” ашылды. Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.  
”Арман ПВ” баспасынан шыққан “Абай” танымдық энциклопедиясының және Абайтану оқулықтарының авторы Қымбат Қараева мен баспаның бас редакторы Айгүл Бекболатова, Айсұлу Бақтығалиевалармен кездесу
22
сентябрь
2023
”Арман ПВ” баспасынан шыққан “Абай” танымдық энциклопедиясының және
Мектебімізде 22 қыркүйек күні тілдер айлығының жоспарына сәйкес”Арман ПВ” баспасынан шыққан “Абай” танымдық энциклопедиясының және Абайтану оқулықтарының авторы Қымбат Қараева мен баспаның бас редакторы Айгүл Бекболатова, Айсұлу Бақтығалиевалармен кездесу өтті. Кездесу кешінің басты мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, кітап оқуға деген ынта-жігерлерін арттыру , Абай энциклопедиясын насихаттау еді. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, заманауи платформалармен таныстырылды.
“Адал азамат-Адал еңбек” ұранымен жалпыұлттық жастар флешмобы
21
сентябрь
2023
“Адал азамат-Адал еңбек” ұранымен жалпыұлттық жастар флешмобы
​https://www.instagram.com/reel/CxcOVCNtxKI/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​
" Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында Адал Ұрпақ клубының қатысушыларымен пікірсайыс
21
сентябрь
2023
" Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында Адал Ұрпақ клубының
31 орта мектебінде " Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында Ада Ұрпақ клубының қатысушыларымен пікірсайыс өтті. Мақсаты: қауіпсіздікті сақтауды, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету, түсіндіру. Пікірсайыс 8, 10, 11 сыныптармен өткізілді. Мектепте, жолдан өткен кезде, терезелердің алдында қауіпсіздікті сақтау керектігі айтылды. Адамның өз өмірі өз қолында екендігі айтылып, сақ болу керектігі атап көрсетілді. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл сайын жүздеген бала терезеден құлап
"Тіл - өлшеусіз қазына" атты әдеби-танымдық кеш
15
сентябрь
2023
"Тіл - өлшеусіз қазына" атты әдеби-танымдық кеш
Тіл айлығының жоспарына сәйкес 15.09.2023 жылы 5-6-сынып оқушыларымен "Тіл - өлшеусіз қазына" атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу. Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бураханова Құралай Сейілханқызы Дулатова Дариға Рашидовна
"Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие" тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында шығарма байқауы.
15
сентябрь
2023
"Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие" тақырыбында 9-сынып
 31 орта мектебінде "Отбасы — бақыт мекені" апталығы аясында "Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие" тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында шығарма байқауы өтті. Байқауға 52 оқушы қатысып, шығармаларын ұсынды. Қазақ тілі пәні мұғалімдері К. Дариябаева, Н. Тоғсаевалар тексеріп, бағалады. Нәтижесінде Абежан Гульфина 1-орын, Мақсұт Көркем, Чанчарова Айзере 2-орын, Бақытжанқызы Жұлдыз 3-орынды иеленді. Шығарма жұмыстарында оқушылар отбасы құндылықтары туралы түсініктерін, ұлттық тәрбие жайлы