21
сентябрь
2023
" Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында Адал Ұрпақ клубының қатысушыларымен пікірсайыс
31 орта мектебінде " Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында Ада Ұрпақ клубының қатысушыларымен пікірсайыс өтті. Мақсаты: қауіпсіздікті сақтауды, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету, түсіндіру. Пікірсайыс 8, 10, 11 сыныптармен өткізілді. Мектепте, жолдан өткен кезде, терезелердің алдында қауіпсіздікті сақтау керектігі айтылды. Адамның өз өмірі өз қолында екендігі айтылып, сақ болу керектігі атап көрсетілді. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл сайын жүздеген бала терезеден құлап өмірден өтетіндігін, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану керектігі айтылды.